Жұма, 03 қазан, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері инватакси қызметіне 352 мыңнан астам тапсырыс берілді

03.10.2025

122 0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бері тек Астана мен Алматы қалаларында инватакси қызметі 352,5 мың рет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары: 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндай қызмет 207,2 мың рет қана ұсынылған еді.

Министрлік аталған жобаны енгізу арқылы қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыруды көздейді. Бұған дейін инватакси алу үшін азаматтар бір күн бұрын телефон арқылы жазылып, көлікті ұзақ күтуге мәжбүр болатын. Сондай-ақ, арнайы көліктердің жетіспеушілігі де мәселе ретінде жиі көтерілген.

Шарттарды жеңілдету үшін Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп такси агрегаторларын тарту туралы шешім қабылдады. Жобаға Яндекс компаниясы өтеусіз негізде қосылды. Енді азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси қызметін пайдалана алады. Бұл көлікті тезірек таңдауға, сапар мәртебесін онлайн бақылауға және жүргізушіге ерекше қажеттіліктер туралы алдын ала ескертуге мүмкіндік береді. Қосымшада арнайы экран іске қосылып, жүргізушілерге мүгедектігі бар жолаушыларға қалай көмек көрсету керектігі туралы нұсқаулар беріледі.

Қазір пилоттық жоба Астана мен Алматыда фокус-топтардың қатысуымен тестілеуден өтіп жатыр. Алдағы уақытта қызметті еліміздің басқа өңірлеріне кеңейту жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: