Сенбі, 16 қараша, 03:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Жыл сайын темекі тұтынудан 18 мың қазақстандық қаза табады

08.05.2021

2066 0

Ал әрбір жетінші өлім, алкогольдік ішімдік пайдаланатындарға тиесілі.

Жыл сайын темекінің кесірінен шамамен 18 мың қазақстандық бақилық болады. Мұндай дерек, «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Ұлт денсаулығы кеңесінде белгілі болды, деп хабарлайды Астана арнасы.

«Қазақстанда жарнамаланатын өнімдердің 80%-ға жуығы – фаст-фуд, құрамында қанты бар сусындар»,-деді кеңес төрайымы Лариса ПавловЕц.

Бұл халықтың денсаулығын едәуір нашарлатады. Сондықтан, мұның алдын-алу үшін зиянды тауарларға акциздік салықтарды арттыру мәселесін көтерді.

«Денсаулық туралы Кодекс пен денсаулық сақтау жүйесін одан әрі қатайтатын кез келді. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында жасалатын шараларды жандандыра түсу қажет. Бұдан лайықты нәтиже ала алатынымызға сенімдімін», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар ҒИНАЯТ.

Денсаулық сақтау – сайлауалды бағдарламаның маңызды блоктарының бірі. Оған Жол картасының 23 индикаторы бағытталған. Мәселен, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе арттырып, денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін ЖІӨ-нің 5%-іне дейін жеткізу міндеті қойылып отыр.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері медицина ұйымдарының инфрақұрылымын өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде жақсартуға бақылауды қамтамасыз ету шараларын қарастырды.

Медицина кадрларын даярлау мониторингі, еңбекақыны арттыру, медицина ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне назар аудару қажет. Оның ішінде ауылда құрылыс, медициналық техниканы жарақтандыру, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету бөлігінде», – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «NUR OTAN» фракциясының мүшесі Лариса ПАВЛОВЕЦ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: