Қазақстандық пойыздардың барлығында дерлік бейнекамералар пайда болады. Ол құқықбұзушылықтардың санын азайтып, жолаушылар ұмытып кеткен заттарды табуға көмектеседі. Қазірдің өзінде төрт мың камера орнатылған. Жыл соңына дейін барлық 112 бағыттағы пойыздарды толық бейнекамералармен жабдықтау жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, бейнебақылау камераларындағы жазбалар ситуациялық орталықта мұқият бақыланады. Вагондардағы видеолар нақты уақыт режимінде таратылады. Бұл стандартты емес жағдайларға дер кезінде әрекет етуге көмектеседі
. «Қазақстан темір жолы» өкілдері бейнебақылау жақында пайда болғанына қарамастан, пойыздардағы тәртіп бұзушылық деңгейі қазірдің өзінде 21% төмендегенін атап өтті. Шағымдар саны да үштен бірге азайған. Ал ұмытылған әрбір тоғызыншы зат иелеріне қайтарылған. Ал жаңа вагондар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған күйде келіп жатыр екен.
«Бейнеаналитикалық жүйенің көмегімен пойыздардағы түтін, бұзақылық, бет-әлпетті тану сияқты ерекше жағдайларды анықтай аламыз. Бұл бірінші кезекте жолаушылардың жайлылығына, олардың қауіпсіздігіне бағытталған», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!