Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. «Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың әкетудің кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 28 қарашадағы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге ірі қара мал етін (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары: 0201 – ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 – ірі қара мал еті, мұздатылған) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға 13 мың тонна көлемінде сандық шектеулер (квоталар) енгізілді.
Қоса беріліп отырған Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары да бекітілді.
Уәкілетті орган осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей www.gov.kz интернет ресурсында ірі қара мал етін әкетуге квоталарды бөлудің басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
- ірі қара мал етін шығаруға арналған квота мөлшері;
- ірі қара мал етін шығару үшін бір экспорттаушыға арналған квота мөлшері.
Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін порталда ірі қара мал етін әкетуге арналған квота көлемінің жол берілетін мөлшері қалыптастырылады.
Бір тұлғаға арналған квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді:
- бордақылау алаңының қуаттылығы 5 000 басталғанда – 1 000 тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 10 000 басталғанда – 2 000 тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 15 000 басталғанда – 3 000 тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 20 000 басталғанда – 4 000 тонна.
Шаруашылықiшiлік карантиндеу кезеңiнде ірі қара мал басы бордақылау алаңына келген кезде тиiстi әкiмшiлiк бiрлiктiң мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық дәрiгермен бiрлесiп, келген малдың нақты санын тексеру мен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Квота мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін жеке және/немесе заңды тұлғаларға (оның ішінде экспорттық компанияларға) бөлінеді:
- есепке алу нөмірі бар ет комбинатының болуы;
- біржолғы қуаты кемінде 5 000 (бес мың) бас ірі қара мал болатын, есепке алу нөмірі бар жеке бордақылау алаңының болуы, малдың жасы кемінде 12 (он екі) ай, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорында тіркелген, бордақылау ұзақтығы кемінде 4 (төрт) ай болуы, сондай-ақ осы ірі қара мал басында құлақ сырғалары түрінде радиожелілік белгісімен сәйкестендірудің болуы (RFID). Бөлу сәтіндегі квота көлемін есептеу және жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес бір бастың орташа тірі салмағы 200 (екі жүз) килограмм болып айқындалады;
- сыртқы экономикалық келісімшарттарының болуы.
Квота берілген сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн бойы қолданылады және шекарадағы ветеринариялық бақылау пунктінде жете тексеру актісімен жабылады.
Берілген квотаға лицензияның қолданылу мерзімі өткен жағдайда, берілген квота автоматты түрде жарамсыз деп есептеледі және қайта бөлуге немесе қайтаруға жатпайды.
Лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына арналған лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталар санын бөлу кезінде бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындары туралы деректер, сондай-ақ ірі қара мал басының бар-жоғы жөніндегі деректер ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқоры және «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы расталады.
Ірі қара малдың етін әкетуге квоталар санын бөлуге белгіленген квота толық пайдаланылғанға дейін жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында квоталарды бөлу қорытындыларын: бөлінген квоталар санын көрсете отырып, ірі қара мал етін әкетуге квота алған өтініш берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады.
Бұйрық 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
