Сәрсенбі, 24 қыркүйек, 20:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Жылу беру маусымы қарсаңындағы жаңа мүмкіндік

24.09.2025

98 0

Жылу беру маусымының қарсаңында әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасыларға үлкен қолдау көрсетілмек. «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы мен «Әлеуметтік әмиян» сервисі бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға табиғи газды жеңілдікпен пайдалану мүмкіндігін ұсынды. Бұл жаңашылдықты QazaqGaz Aimaq Қызылорда өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Бектібаев пен QazaqGaz Aimaq Қызылорда өндірістік филиалының “Апатты-диспетчерлік қызметінің бастығы Базарбек Ерімбетов хабарлады.

– Бұл тұрғындар үшін ыңғайлы. Себебі смартфон арқылы ваучерді толығымен онлайн алуға және белсенді етуге мүмкіндік береді. Аталмыш шара Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің және «QazaqGazAimaq» компаниясының базаларынан алынған деректерді автоматты түрде назарға ала отырып, азаматтарды қағаз анықтамаларды жинау мен беруден босатады. Күту уақытын қысқарту және қателерді азайту арқылы процедураның ашықтығымен қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. 1 шілдеден бастап тырнақалды бастама Қазақстанның барлық аумағына сәтті таралды. «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы 2,3 мыңғажуық ваучер дербес іске қосылды. Осылайша, «Әлеуметтік әмиян» жеңілдік алупроцесін оңайлатып, оны жылдам, қолжетімді жәнеәр отбасы үшін ыңғайлы етеді. QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасы газдыесептеу құралдарынан деректерді ыңғайлы және жылдам беруге арналған,- деді Мұрат Алпамысұлы.

– «QazaqGaz Aimaq» АҚ ауа-райының өзгеруіне және жылыту маусымының басталуына байланысты улы газбен улану қаупі артқанын ескертеді. Өкінішке орай, статистика бойынша жыл сайын табиғи газды тұтынушылары бұл ескертулерге немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Газ қызметкерлері үшін анықталған нәрсе – орын алған қайғылы жағдайлар, негізінен, газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады. Оған себеп – зардап шеккендердің жылыту құралдарын пайдалануға немқұрайлы қарауы, оларды өз бетінше қосуы, құрастыруы немесе орнын ауыстыруы, қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы, тамақ дайындауға арналған газ жабдығымен үй-жайларды жылытуы, техникалық қызмет көрсетуді орындамауы, мұржаның түтін тартуын тексермеуі. Ауа желдетілуі жеткілікті қамтамасыз етілмеген үй-жайда, терезелер, желдету арналары жабық кезде, кірпіш, сылақ тығыздығы бұзылған кезде газ аспаптарын пайдалану нәтижесінде газ түтіні сыртқа шықпай, үй-жайда улы газ жиналады. Улы газдың өте аз мөлшерінің өзі қанмен тез араласады, адам тез уланады. Бөлмеде 0,5% улы газ жиналса болды, осы мөлшердің өзі 20 минуттан кейін адамның жүрегі тоқтайтындай уландырады. Сондықтан мұржа мен желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуі – сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыздың кепілі,- деді Базарбек Өтебекұлы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: