Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жылына 125 мың теңге: Қазақстандық балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады

01.09.2022

1328 0

1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасаған Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50% жыл сайын балалардың шотына аударылатынын айтты. Ғаламторда балалардың Ұлттық қор есебінен қанша қаржы алатынын есептеп көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

QazTrading Telegram-арнасының мәліметінше, Ұлттық қордың жылдық орташа табысы 3,17%-ға тең.

2021 жылы Ұлттық қордың инвестициялық табысы 3,4 миллиард доллар болған. Ал Қазақстанда барлығы 6 485 507 бала бар. 

Сәйкесінше жыл сайын әр баланың жинақ шотына 125 мың теңге түседі.

Ал қордың инвестициялық табысы артса, 18 жасқа дейін баланың шотына 2,5-3,5 миллион теңге түседі. 

Еске салайық, Қазақстан халқына жолдауында Тоқаев әр отбасының ел байлығынан өз үлесін алуы қажет екенін айтқан. Балалар жылы аясында ол «Балаларға арналған Ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Бағдарлама аясында жиналған қаржыны келешекте тұрғын үй алуға немесе баланың білім алуына жұмсалатынын айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: