Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу заңдылықтарына қосымша өзгерістер енгізді. Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, қызмет нәтижесін төлем жасалған сәттен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады.
Бүгінгі таңда нотариусқа жүгінген клиенттерге нәтижелер жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін ақы төленгені жөніндегі мәлімет құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Көбіне бұл ипотеканы, несиені, кепілді және банктердегі басқа да қажеттіліктерді ресімдейтін клиенттердің мүлкін құжаттау процесін кешіктіруі мүмкін.
Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.
Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Каѕрі компаниясымен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті нотариустарда тіркеген клиенттер үшін Кaspi.kz қосымшасында қызмет ақысын төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
А. Жақсылық
Қызылорда облысының әділет
департаментінің бас маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!