Сенбі, 21 желтоқсан, 22:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

27.11.2022

1032 0

Қызылорда облысында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республикалық «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты 16 күндік акциясы басталды. Науқанның негізгі мақсаты – нәзік жандыларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға және оның алдын-алу.

Қоғамда маңыздылығы зор бұл акция тек іс-шаралар өткізумен ғана шектеліп қалмай, жыл көлемінде ауқымды жұмыстармен жалғасын табатын болады. Осы ретте мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ата-аналармен тұрақты байланыс жүргізу, көпшілік-мәдени орталарда тұрғындармен әңгімелесу арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмыстары белсенді түрде жүргізілмек.

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» ақциясының алғашқы күнінде Қызылорда қаласындағы «Aray city mall» ойын-сауық және сауда орталығында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, жастар арасында флешмоб пен тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар ашық алаңқайда бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз қоғам символына айналған сары түсті шарлар көкке ұшырылды. Шараға Қызылорда қаласындағы жергілікті полиция қызметінің мамандары, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері тұрғындар сауалына жауап беріп, қоғамдық қабылдау өткізді.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: