Қызылордалық полицейлер «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасының 1 күнінде 10 қылмыс ашты. Облыс орталығында бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылды. Профилактикалық есепте тұрған 372 тұлға тексерілді.
Облыс бойынша барлығы 259 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, ұсақ бұзақылықтың 15 дерегі тіркелсе, түнгі тыныштықты бұзудың – 12 дерегі анықталды.
Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, жылдамдықты асырған 60 жүргізуші, көлікті мас күйде басқарған 4 жүргізуші, 21 жаяу жүргінші жол қозғалыс ережесін бұзған, барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!