Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

1200-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

12.02.2021

2761 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Қауіпсіз жол»жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады.

      Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1200-ге жуық жағдайы анықталды. Атап айтқанда, 22 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

      Көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 118 жүргізуші, қауіпсіздік белдігі тағылмаған автомобильді басқарғаны үшін – 487 жүргізуші, қарама – қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін – 4, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 191, жаяу жүргіншілерге, қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыс кезінде жол бермегені үшін – 56, бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол жүргені үшін – 17 жүргізуші ұсталды.

        Сондай – ақ, рейдтік іс – шаралар аясында автокөлік әйнектеріне қараңғыланған пленкасы бар көлікті басқарған 17 бұзушы, 191-де автокөлікке немесе жүргізуші куәлік құжаттары жоқ, 6-да көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, іс-шара барысында 160-тан астам автокөлік айыппұл тұрағына қамалды, 20 автомобильден мемлекеттік нөмірлік белгілер алынды.

        Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 11 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

        Патрульдік инспекторлар жүргізушілерден жолда абай болуды, жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтауды сұрайды.

           Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: