Жұма, 27 желтоқсан, 08:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

13 ақпаннан жүргізуші куәлігін алып жүру міндет емес

12.02.2021

1321 0

     Бұл туралы   Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Оспанов Азамат «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасынан және де «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде  «Жол қозғалысы мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» түсіндірме берді. Атап өтер болсақ, азаматтар жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатын өздерімен алып жүрмесе де болады. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 1 ақпанда қол қойған болатын. Құжат 13 ақпанда күшіне енеді. Жол сақшылары жүргізушінің жеке куәлігі арқылы барлық мәліметтерді электронды базадан тексере алады. Сәйкесінше, аталған құжаттар жаныңызда болмаса әкімшілік айыппұл салынбайды. Түсіндірме жұмыстары кезінде басқарма бастығының бірінші орынбасары қала тұрғындары мен желі пайдаланушыларынан көптеген сұрақтар қойылып, толыққанды жауап алынды.

          Мысалға айтар болсақ, Сымбат Досмайлова есімді желі қолданушысы «Интернет желісі тартпайтын жерлерде тексеру жұмыстарын патрульдік полиция қызметкерлері қалай жүргзеді деп сұрақ қойған болатын», Азамат Айдуллаевич: «Ғаламтор ұстамаған жерде біз радиобайланыспен орталыққа шығамыз. Жақын жердегі бөлімшелер мәлімет береді. Жүргізушілердің құжаттарын тексерген кезде бізге 3-5 минут уақыт қажет».

          Жол сақшылары жаңа заң нормаларын жүзеге асыру үшін дайындықты осылай пысықтап, қала көлемінде түсіндірме жұмыстарын жасауда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кез келген жүргізушінің құжаттарын тексеруге толық мүмкіндік бар.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: