Ақмола облысында полиция қызметкерлері 2 жыл бұрын жасалған аса ірі көлемдегі ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды polisia.kz.
2022 жылғы 7 шілдеде Көкшетау қаласының полиция басқармасына қаладағы кәсіпорындардың бірінің қоймасынан екі мыңға жуық сыра құйылған құты ұрланғаны туралы ақпарат түсті. Залал сомасы 65 млн 600 мың теңгені құрады.
Тергеу барысында 2022 жылдың 31 қаңтары мен 16 наурызы аралығында зиянкестер кілттерді таңдау арқылы кәсіпорынның қоймасына кіріп, тауарды жүк көлігімен бөлшектеп әкеткені анықталды. Осы қылмысты жасағаны үшін тергеу және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді ұстады.
Олар Зеренді ауданының 41 жастағы тұрғыны және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Көкшетау қаласының 30 және 40 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Қылмыстық жолмен өндірілген өнімді қаскүнемдер елордаға жеткізіп, ұрланған тауарды жақын шетелге экспорттағаны белгілі болды. Ұрлық фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!