Ағымдағы жылдың 6 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» арнасына 20 мыңнан астам қоңырау түсіп, бұл хабарламаларға қызмет көрсетілді.
Бейнебақылау камераларының көмегімен 61 қылмыстың беті ашылды. Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді тұлғаларды жедел тексереді.
Мысалы, 12 шілдеде түнгі кезекшілікке түскен бейнебақылаушы инспектор кешкі уақытта автокөліктің жол ережелерін бұзып, қала орталығының көшелерінде жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндіргендігін байқайды. Полиция автокөлікті тоқтату барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.
Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы) бойынша хаттама толтырылды.
Жыл басынан бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 9 мың жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.
Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!