Жұма, 22 қараша, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

24 жылға сотталған қазақстандық түрмедегілерді теракт жасауға шақырған

08.08.2024

264 0

Сурет:

Жамбыл облысындағы түрмеде радикалды идеологияны насихаттап, лаңкестік әрекетке шақырған сотталушы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі 2024 жылғы 8 тамызда хабарлағандай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасақ бөлімшелерімен бірлесіп, жазасын өтеушілер арасында терроризмді насихаттап жүрген 34 жастағы сотталушыны анықтады.

«Ол радикалды идеологияны таратып қана қоймай, терроризм актісін жасауға шақырды, ұсталған Атырау облысының тумасы, 2013 жылдан бері адам өлтіру, заңсыз қару сақтау және тонау қылмыстары үшін 24 жылға сотталған», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ бүгін, 8 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында діни радикалдардың ұсталғаны туралы хабарлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: