Астанада 29 алаяқтық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері фаст-фуд мейрамханаларының бірінде болған алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы күдіктіні қолға түсірді.
Тергеу барысында ер адамның өзін тұрақты клиент ретінде таныстырып, касса қызметкерінен 80 мың теңге көлеміндегі ұсақ ақшаны ірі купюраларға айырбастауды сұрағаны анықталды. Қызметкердің сеніміне кіріп, ол ақшаның бір бөлігін айырбастап алған соң, қалған соманы қайтармай, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу кезінде ер адамның дәл осындай тәсілмен тағы 29 алаяқтық қылмыс жасағаны белгілі болды. Қазір бұл фактілер бойынша да тексеру жүргізілуде.
Астана қалалық полиция департаменті кәсіп иелері мен сауда нүктелерінің қызметкерлеріне, әсіресе кассирлер мен сатушыларға, бейтаныс адамдармен қаржылық операциялар кезінде барынша сақ болуды ескертеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!