Жұма, 27 желтоқсан, 04:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

31 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара көрілген

28.12.2020

1161 0

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 31 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев брифинг барысында айтты.

Ағымдағы жылдың 11 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп, онда 67 мәселе қаралған. Күн тәртібінде 42 тәртіптік іс талқыға түсіп, 17 рет мемлекеттік орган басшылары мен әдеп жөніндегі уәкілдердің есебі тыңдалған.

«Кеңестің шешімімен Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін – 13 мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін – 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Олардың арасында: 2 облыстық басқарма басшысының орынбасары, 1 аудан әкімінің орынбасары, 3 аудан әкімі аппаратының басшысы, 1 аудандық мәслихат аппаратының басшысы, 6 кент және ауылдық округ әкімі, 1 аудандық басқарма басшысы, 4 дербес бөлім басшысы, 13 өзге де лауазымды тұлғалар бар», – деді Берікбол Байхожаев.

Департамент тарапынан мемлекеттiк қызметшiлердің күнделікті қызметінде және халықпен кездесу барысында өзін-өзі ұстауы мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде әдеп нормаларының сақталуы бойынша 100-ден аса құқықтық оқытулар мен шеберлік сабақтары өткізілген.

Брифингте Б.Байхожаев, Әдеп кодексі талаптары бұзушылықтарын алдын алу мақсатында мемлекеттік орган басшыларына карантин талаптарын қатаң сақтауды және Жаңа жыл мерекесіне орай корпоративтік кештерден бас тартуды ұсынды.

Сонымен қатар, спикер, мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің заңсыз сыйлық алу-беру фактілеріне жол бермеу керектігін қатаң ескертті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: