Сенбі, 28 желтоқсан, 01:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

5 бас сиырды ұрлап кеткен

27.07.2021

528 0

Мал ұрлығы 15 шілде күні Арал ауданынан 15-шақырым далалық жерде орын алған. Мал иесі жайылымнан қайта келмеген ірі қара малдарын бес күн бойы өзі іздеп, нәтиже болмаған соң полицияға арызданған.

Тексеру барысында аудан аумағында жайылып жүрген 5 бас сиырдың жоғалғаны анықталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 600 мың теңге.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа осы ауылдың малшысының қатысы бар болып шықты. Айғақ зат ретінде оның қорасынан 1 бас сиыр алынды.

Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Аталған дерек  бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 – бабының 1 – бөлігі бойынша (Мал ұрлау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: