Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

53 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынына есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз алып жүргені үшін 30 сағат қоғамдық жұмыс жазасы белгіленді

05.09.2023

445 0

Ағымдағы жылғы тамызда Көліктегі полиция департаменті Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, темір жол мекемесінде жолсерік болып жұмыс жасайтын 53 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған азаматтан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты.

Осы дерек бойынша құқықбұзушыға қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен, яғни, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау бойынша іс қозғалды.

Тамыз айында Қызылорда қалалық сотының шешімімен құқықбұзушыға 30 сағат қоғамдық жұмыс жазасы белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Қызылорда желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен 2 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде аса ірі көлемдегі есірткі затын өткізудің 1 дерегі,  аса ірі көлемдегі есірткі затын сақтау фактісі бойынша 1 дерек анықталып сотқа жолданды. 12 қылмысты теріс қылық дерегі анықталды.  

Заңсыз айналымнан 9 кг 887 грамм «кептірілген марихуана», 1,55 грамм «гашиш» және 2,19 грамм «геройн»  есірткі заты тәркіленді.

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: