Сейсенбі, 30 желтоқсан, 19:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

№60 мекемеде психологтар сотталғандарға терапия өтті

30.12.2025

52 0

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша сотталғандарға психологиялық көмек беруді күшейтуге негізделген іс-шаралар жоспарға сәйкес атқарылуда. №60 мекемесінің  психологтары жазасын өтеп жатқан азматтарға терапия өткізді.

Қазір адамның психологиялық күйіне  көңіл бөлу аса маңызды. Күйзелістен шығудың түрлі жолдары бар, солардың бірі – Метафоралық ассоциативті карталармен жүзеге асатын проекциялық психологиялық әдіс. Ғылымда қысқаша – MAC терапия депте атайды. Бұл терапия арнайы карталармен жүргізіледі. Ал, картаның бетінде қоршаған орта мен қоғам, күнделікті іс-әрекет, қимыл-қозғалыс, құбылыстар, мезгіздер, техникалар бейнеленген. Бұл әдіс – өзіңді жақсырақ тануға және психологиялық жағдайды түзетуге көмектеседі. Карталар кеңестер береді және адамның ресурстарының қай жерде екенін және оны пайдалана алатын сыртқы-ішкі күштерді ұсынады. Бұл картада бейнеленген суреттер мен әрекеттер адамның өз сұрағына өзі жауап іздеуге бағытталған. Сотталғандар негізгі сұрақтың жауабын өзінен іздеу арқылы сезімдерін, қорқынышын немесе армандарын бейсаналы түрде сыртқа шығарады.  Адамның бар ойы өзі таңдаған картада суреттеледі, осылай мамандар мәселенің шешу жолын кәсіби түрде көрсетеді.

№60 мекемеде психологтар сотталғандарға терапия өтті

«Метафоралық ассоциативті карталар арқылы өтетін терапия сотталғандар арасында оң психологиялық көмек көрсетеді. Терапияны бастамас бұрын оларды мазалайтын сұрақтарды нақтылап аламыз, мұндағы ең бастысы – нақты сұрақ пен шағым. Өздері таңдаған картадағы бейнелер арқылы олардың психологиялық жағдайына баға береміз. Сұрақтарына жауапты өз жан дүниесіне терең үңілу арқылы табуға көмектесміз. Жауап тапқан сотталғанның алдағы іс-әрекеті мен мәселесін шешуіне бағыт-бағдар беріп, жағдайын жағымды күйге айналдырамыз. Осы тұста психолог мамандардың жұмысы айқын көрінуі тиіс, себебі қандай бағыт ұсынғаны маңызды. Сол арқылы сотталғандардың ойын өзгертіп, мінез-құлқының дұрысталуы ықпал етуге болады»,- дейді психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор психологы, әділет аға лейтенанты А.Орынбаев.

Рәпіш ТӨЛЕП

ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: