Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

8 мәрте пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

01.02.2021

1126 0

2021 жылғы қаңтар айының 26-28 күндері аралығында облыс аумағында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 48 жастағы  бұрын сотты болған күдікті азамат тәртіп сақшыларының қолына түсті.

     Ол кешкі уақытта үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерін сындырып,  ақша, зергерлік бұйымдар мен құндыз тондарды қолды еткен.  Күдікті азамат  желтоқсан  айынан бастап бірнеше мәрте ұрлыққа түскен.

Алайда, 2021 жылдың қаңтар айының 25 күні кешкілік уақытта Қызылорда қаласы, Саяхат мөлтек ауданындағы жеке үйлердің біріне осы күдікті жатын бөлмесінің пластик терезесін күштеп ашып, заңсыз кіріп бөлмедегі техникалық заттарды ұрлап кеткен.

Қазіргі таңда жалпы жәбірленушілерге келтірілген материалдық және мүліктік шығындар 5 миллионға жуық. Полицейлер күдіктінің басқа да 7 ұрлық дерегіне қатыстылығы ашылып, бұдан өзге тағы да ұрлықтарға қатыстылығы анықталуда.

    Қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде, тұрғын үй жайға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: