Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

9 айда 187 азаматтық іс түскен

29.10.2022

683 0

Қызылорда қалалық соты осы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын таразылады. Оны қалалық сот төрағасы Дархан Кентбаев жүргізіп, атқарылған іс-шаралар барысына кеңінен тоқталды.

Атап айтқанда, Қызылорда қалалық сотына мерзімді уақыт ішінде  6403 талап қою мен 187 азаматтық іс түскен. Салыстырмалы түрде қарағанда 2021 жылдың 9 айында азаматтық іс жүргізу тәртібімен барлығы 7808 талап қою, 269 азаматтық іс түскен. Аяқталған азаматтық істердің саны 4286-ны құрайды.

– Неке бұзу бойынша арыз-шағымдар көп түсуде. Бұған көбіне жұмыссыздықты, ерлердің ішімдік ішуін алға тартады. Балалары бар отбасыларды татуластыруға тырысамыз. Мәселен, 9 ай ішінде неке бұзу бойынша  919 азаматтық іс аяқталған. Оның ішінде 169-ы талап қоюшыға қайтарылған, 36 іс медиация тәртібімен қаралған, 319 қараусыз қалдырылған. Сонымен қатар алимент төлеуден қашып жүр­ген әкелер көп. Олар көбіне өз­дерін жұмыссыз ретінде көрсетеді. Осылайша төлейтін алименттерін аз етіп көрсетеді немесе төлеуге ша­малары келмейтінін алға тартады, – деді Д.Несіпбайұлы.

Қазіргі таңда татуласу рәсімдерімен аяқталған істердің сандарын көбейту бағытындағы жұмыстар кеңінен қолға алынған. Мәселен, 9 ай ішінде 16 іс бітімгершілікпен, 525 іс медиация тәртібімен, 2 іс партисипативтік рәсім тәртібімен, яғни барлығы 543 іс татуласу рәсімдерімен аяқталған. Яғни былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырып қарағанда татуласу рәсімдерімен қараған істердің саны 232-ге көбейген.

А.АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: