Ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қаладағы саяжайлардың бірінде кісі өлімі орын алғандығы жөнінде хабарлама түсті.
Жүргізілген тексеру барысында қаза болған азаматтың бірге отырып, спирт ішімдігін ішкен танысы арасында жанжал туып, танысы асхана бөлмесінде басынан және дене тұстарына көсеуішпен ұрып-соғып мерт қылғаны анықталды.
Оқиға орнынан барлық айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап, өкінді.
Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату)сараланып, объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 11 шілде 2022 жылғы үкімімен айыпталушыға 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!