Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ анықталды

02.11.2022

848 0

4 айдың ішінде Қазақстанда адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркеліп, 3 қылмыстық топ анықталған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы адам саудасына күрес туралы құқықтық форумда айтты.

«Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі –балалар. Өкінішке қарай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар», – деді министр.

Оның айтуынша қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі.

«Бұрын 300-ге дейін барушы еді. Осы жылы төрт айдың ішінде адам саудасының 30-ға жуық фактісі анықталып отыр. 3 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы министрлікте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта құрудың арқасында бұл қылмыстардың анықталу қарқыны артып келеді. Бірақ мойындау керек, бұл тек салдарымен ғана күрес», – деді Марат Ахметжанов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: