Жаңаөзенде әйел адам сот ғимаратында былапыт сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ
Оқиға 2025 жылғы 29 қазанда болған. Азаматша Т. сот ғимаратында айғайлап, бейәдеп сөздер айтып, сот орындаушысының тыныштық сақтауға шақырған талабына бағынбаған. Осылайша ол қоғамдық тәртіпті бұзған.
Сот отырысы кезінде әйел өз кінәсін мойындап, ашу үстінде әрекет еткенін айтып, кешірім сұраған.
Құқық бұзушылық фактісі хаттамамен және куәгерлердің айғақтарымен расталды, – делінген сот хабарламасында.
Іс ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша қаралды. Сот шешімімен әйел кінәлі деп танылып, 55 048 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін осындай жағдай Шығыс Қазақстан облысында да тіркелген болатын. Онда ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
