Әйелінің киімін өртеген ер адам әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сырдария аудандық сотында ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша іс қаралды.
Анықталғандай, ер адам алкогольдік мас күйінде жұбайына былапыт сөйлеп, оның киімдерін өртеп, бүлдірген. Жәбірленуші сотта ер адам отбасының тыныштығын бұзып, киімдерін бүлдіргенін және оған кешірім бермейтінін айтты.
Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін мойындады.
Сот қаулысыменер адам ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен бірге, оған 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленді, – деп хабарлады Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!