Жексенбі, 24 қараша, 20:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Әке ізін жалғаған үздік қызметкер

17.10.2024

414 0

Құқық қорғау қызметкерінің жұмысын оңай көретіндер қәтелеседі. Себебі құқық қорғау қызметкерінің басты ұстанымы өз ар-ожданының алдында таза  болу. Қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Ал, бұл кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс.      

Құқық  қорғау  қызметкері   халықтың  қорғаны. Оның  міндеті  заңдылықтың  сақталуын  қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп  үшін  заңнан  мәртебелі  ештеңе  жоқ. Сондықтан  әр  тәртіпке  шақырушы  тұлғаның  бойынан тек  адалдық  пен  кәсібеилік  шеберлік  болуы  шарт. Сонымен  қатар,  білімді, білікті, бірді  ғана  емес, мыңды  жығар білекті  де  болуы  тиіс.  Отанын  сүйген  адам  ғана  ел  мүддесін  бәрінен  биік қояды. Қашанда  ел  тыныштығын, бейбіт  адамдар  өмірін  қорғау  жолында  ерлік  көрсеткен  ішкі  істер  саласының  тарихында  да  жастарға  үлгі  боларлық  тұлғалар  жеткілікті. Ал, жас  маман осындай  тұлғаларды  тануға  тиісті.

Құқық  қорғау  саласында ерекше  кәсібейлік  шеберлігімен  жауапкершілігін  ұштастыра  білген, қызмет  барысында  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізген , қоғам  алдында  міндеттерін  адал  атқарған  қызметкер  Қызылорда  облысы  бойынша  ҚАЖ  департаменті режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет майоры  Сайдильдинов  Дастан  Тұрарұлы . Ол 1988  жылдың  сәуір  айының  22 жұлдызында  Қызылорда  қаласында дүниеге  келген. Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Байқоңыр қалалық пробация қызметінің инспекторы болып қызмет  атқаруымен басталып, осы салада әр түрлі бөлімдерде қызмет атқарып, өзінің сауаттылығының арқасында қызметі жоғарылады.

Әкесі Сайдильдинов  Тұрар Темірманұлы құқық қорғау  жүйесінде қызмет атқарған үлгілі  әке, үлгілі ата, әрі  ардагер. Дастанның  бойындағы  нағыз  ер  азаматқа  лайықты ер мінезділігі, қызметіне  деген  адалдығы, жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен  батылдығы  әке  мектебі жемісінің көрінісі.

Әділет майоры Д.Сайдильдинов осы қызмет  барысында  үлкен қылмыстың алдын алып, қылмыстарды ашуға септігін тигізді. Жаста  болса, бас  болып  ізінен  ерген  қызметтес  інілерін  бір  ауыздан  темірдей  тәртіпке  үйретіп  жүрген  өз  қызметінің  нағыз  маманы, қас шебері  десек  кәтелеспейміз.  Оның  қызметіне деген адалдығы бөлімдегі  түрлі  қоғамдық  жұмыстарға  да  белсене  араласатындығы  үздік  құқық  қорғау  саласы  қызметкерінің  бір  қыры. Оның  еңбегі елеусіз қалған емес. Ол Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы тарапынан төс белгілер мен алғыс хаттармен марапаталған.

Ақалтын Байжанқызы
№60 мекемесінің

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі іс—жүргізушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: