Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әке жолын жалғаған

10.12.2024

73 0

Құқық қорғау саласында әке жолын жалғап, ішкі істер саласында династиясын жалғастырып келе жатқандар көп. Солардың бірі – Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде тәрбие бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанаты Жахаев Жандос Мұратұлы. Ол 1995 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келген. Әкесі – Жақаев Мұрат Ақынұлы ұзақ жылдар бойы ішкі істер органында қызмет еткен. 1983 -1987 жылдары жылы Қызылорда корпоративтік техникумына оқуға түсіп бітірген. 1995 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде кірпіш зауыт мастерінен бастап, директорлыққа дейін сатылап көтерілген. ҚАЖ саласында 16 жылға жуық еңбек етіп, антына адал қызмет ете жүріп, 2011 жылы мекеме бастығының кезекші көмекшісі лауазымына дейін көтеріліп, зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі таңда ол ішкі істер органдарының құрметті зейнеткері.
«Әке көрген оқ жонар» демекші, кішкентайынан әкесінің формасына қызығып,өскенде әкем сияқты боламын деген Жандостың бала арманы орындалып, әке жолын жалғап келеді. Әкесінің өнегелі еңбек жолын жалғастырып жүрген Жандос, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Заңгер» мамандығын тәмамдап, еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде бақылаушы болып бастайды. Қазіргі уақытта қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінде жасақ бастығы болып қызмет етеді. Жасақ бастығы өзінің қарамағындағы әрбір сотталған адамның мінез-құлқын, өмір сүру дағдысын, жақсы қасиеттерін немесе жаман әдеттерін жақсы біледі. Мекемеде жазасын өтеп жүрген әрбір сотталғанның тәртібіне назар аударып, тәрбиелік, профилактикалық бағытта дәрістер оқып, сұхбаттар жүргізеді. Міне, әділет аға лейтенанты Жандос Маратұлы сотталғандарды қадағалап, тәрбиелеп, олардан талап пен тәртіпті талап етеді. Осыдан –ақ олардың жұмыстарының қаншалықты жауапты, уақытының тығыз екендігін білуге болады. Сотталғандардың сан сауалына жауап беріп, басшылықпен ақылдаса отырып,түйткілді мәселелердің түйінін шешіп, түрлі іс-шаралардың ұйытқысы болады. Біз жасақ бастығы болғаннан кейін өзімізге тапсырылған сотталғандарға жауап береміз. Мен өз жасағымдағы сотталғандардың өздерін мазалаған сұрақтарымен қабылдау жүргіземін. Мейлінше оларға көмектесіп, жазасын өтешілердің тәртібін қарауға тырысамыз. Жаза басып жаңылған азаматтарды түзелу жолына түсіру, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгеру біздің жұмысымыз. Олардың қоғамға толыққанды азамат болып оралуы біздің де жұмысымыздың нәтижесі »,-дейді жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Жандос Жахаев.
Жандос Ақынұлы өзіне артылған жауапкершілікті мінсіз атқарып, антына адал қызмет етіп, Қылмыстық-атқару жүйесі саласына дамуына үлесін қосып жүр. Әкеден аманатталған мамандықты өмір салтына айналдырып, бақыттың кілтін еңбектен тапқан Жандостың алар асуы алда екеніне сенімі мол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: