Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында әкесін ұрып-соғып, қинаған 41 жастағы Алмас Садақбаевтың әйелі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы Шардара ауданы прокурорының орынбасары Нұрмахан Елшібаев мәлім етті, – деп хабарлайды kursiv.media
Нұрмахан Елшібаевтің айтуынша, Алмас Садақбаевтың әйелі Қылмыстық кодекстің «Ұрып-соғу» бабымен күдікке ілінген. Бірақ тергеуде оның айыбы дәлелденбеген.
Елшібаев айыпталушының қайтыс болған әкесінің мәйітінен оның дене жарақаттары анықталғанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, қабырғасы, мұрны сынған. Дегенмен мәйіттің шіріп кетуіне байланысты оның өлу себебі анықтау мүмкін болмаған.
«Бұл – қоғамдық резонанс тудырған іс. Оған түрткі болған бейнежазба. Іске тіркелген 3 бейнежазба бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрді. Негізі айыбы бейнежазбамен дәлелденді. Онда қандай дене жарақаттарын салғаны көрінеді. Сонымен бірге сотқа дейінгі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін эксгумация жасалды», – дейді прокурордың орынбасары.
Айта кетейік, әкесін жәбірледі деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев сотта жауап беріп жатыр. Ол кінәсін толық мойындаған және өкінетінін айтқан.
Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында баласынан зәбір көрген 70 жастағы Есіркеп Садақбаев көп өтпей қайтыс болған. Кейін тергеуге байланысты марқұмның денесі қабірінен қайта қазып алынып, эксгумация жасалған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
