Сәрсенбі, 27 қараша, 13:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік қызметкер ұрлық жасаған

27.08.2021

535 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған ауданы полиция бөліміне 25 тамыз күні ауыл тұрғыны арызданған. Белгісіз біреу жатын бөлмедегі сөре ішінен алтын бұйымдарын, 2 банк карточкаларын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Тексеру барысында жәбірленуші үйінен алтын бұйымдарының және банк карточкаларының жоғалып кеткенін байқаған, содан соң оған банк есеп шотынан 53 мың теңге шешілгені туралы хабарлама келген. Содан соң ол полицияға жүгінген. Жалпы келтірілген залал 403 мың теңгені құрады.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша анықталып, ұсталды. Ол осы ауылдың әлеуметтік қызметкері екені белгілі болып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: