Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әмиян ұрлаған күдікті әйелді ұстады

25.12.2020

1350 0

21 желтоқсанда Қызылорда қалалық  Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны арызданды.

Белгілі болғандай, сол күні ол өзінің құрбысымен кездесіп,  кафеде көңіл көтеріп отыруды шешеді. Кешкілік уақыт 22:00-ден өте  үйіне оралған  ол сөмкесінен әмиянымен қоса 50 000 теңге ақшасы жоқтығын анықтайды.

Іздестіру шаралары барысында 33 жастағы әйел, қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

   Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: