Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған

16.05.2024

596 0

Сурет:freepik.com

Астанада ер адам алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіртпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астана тұрғыны Ксения Перлова президенттен өзін бұрынғы күйеуінен қорғауды сұрап, видеоүндеу жолдады. Әйелдің айтуынша, оған 19 сәуір күні көпқабатты үйдің кіреберісінде бетперде киген белгісіз біреу шабуыл жасаған.

«Ол алдымен менің басымнан қандай да бір затпен үш рет ұрды. Өзінің айтуынша, қолында тас болған. Содан кейін ол мені 14-қабаттағы өрт сөндіру баспалдағының балконына сүйреп апарып, лақтырып жібергісі келген», – дейді әйел видеода.

Есін жиған, лифтіге қайта кіріп ұлгерген. Кейін басынан тағы бір соққы алған.

«Мен тұрып, көршінің есігіне жүгіріп, көмек сұрап айқайладым. Мені өлтірмеді, өйткені көршілері шығып қалады деп қорықты», – дейді әйел.

Полицияда күдікті өзіне Ксенияның үлкен қызының әкесі тапсырыс бергенін айтты. Жәбірленуші мұның барлығы қазір 13 жасқа келген қызына алимент өндіріп алғысы келгенінің кесірінен деп ойлайды. Әйел қызының әкесімен ресми түрде некеге тұрмаған.

«Үлкен қарыз жиналып қалған, шамамен 4 миллион теңге. Ол мені қорқытты, алименттен бас тартуымды талап етті. Қазір ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал күдікті 2 айға қамауға алынды. Байқоңыр аудандық полициясы маған шабуыл жасаған күдіктіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғады. Бірақ тапсырыс берушіге ешқандай айып тағылмады. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, құрметті президент, сізден мәселені жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын. Егер осы іске тапсырыс беруші босатылса, ол өзінің лас жұмысын бітіргісі келеді. Сізден мені және балаларымды қорғауыңызды сұраймын», – дейді әйел.

Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, қазір қылмыстық іс аясында қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Еске салсақ, бұған дейін Астана тұрғынының туысына жарты миллион доллар қарызын қайтармау үшін киллер жалдағаны туралы жазған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: