Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров әскерде әлімжеттіктің жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.
“Әлімжеттік” ұғымы үлкен және кіші топтар арасындағы келіспеушіліктерді білдіреді. Қазіргі уақытта Қарулы Күштерде және басқа да әскери бөлімдерде тек бір уақытта шақырылғандар борыштарын өтеп жатыр. Сондықтан әлімжеттік туралы айтуға негіз жоқ”, — деді Руслан Омаров.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!