Жұма, 27 желтоқсан, 16:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Әскерде қылмысқа орын жоқ»

28.02.2024

424 0

Қызылорда облысы бойынша «Қызылорда аудандық пайдалану бөлімі» мекемесінің әскери қызметкерлері мен жеке құрам қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға бағытталған әскерлердің арасында «Өмірді сақта» құқықбұзушылық профилактикасы ведомствааралық бірыңғай жоспарының талаптарын орындау бойынша Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесе отырып ақпараттық профилактикалық іс-шара өткізді.
Профилактикалық іс-шара барысында «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы бойынша мекеменің әскери қызметшілеріне қызметтік және тұрмыстық уақытта қоғамдық орындарда азаматтармен қарым-қатынас жасау барысында орын алатын әкімшілік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, ескерту және жол бермеу мақсатында «Қызылорда аудандық пайдалану бөлімі» бастығының орынбасары аға лейтенант Досимов Самат Серікбайұлы баяндама оқыды.
Шараның негізгі мақсаты – елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген әскери қызметшілер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысының талаптары жан-жақты түсіндіріліп, тақырып сұрақ жауап ретінде өрбітіліп, әскери қызметшілердің құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, білімдерін жетілдіру негізінде өзекті сұрақтарға дәйекті жауаптар беріліп, пікір алмасылды.
Жиын соңында әскери тәртіп бөлімнің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі екенін айтты. Сонымен қатар әскери тәртіп – әрбір әскери қызметшінің өз әскери борышын және өз Отаны – Қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін сезінуіне, өз халқына деген шексіз адалдығына негізделетінін ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
«Қызылорда аудандық пайдалану бөлімі»
Республикалық мемлекеттік мекемесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: