Әскерде тағы бір өлім орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.
8 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында әскери комиссар өз-өзіне қол жұмсап қаза тапты.
Stan.kz мәліметінше, ол өз кабинетінде асылып қалған. Суицидтің себебі белгісіз.
Облыстық қорғаныс істері басқармасы, Ақтөбе гарнизонының әскери тергеу басқармасы мен прокуратурасы да ешқандай ақпарат бермеген.
Куәгерлердің сөзінше, марқұм ішпейтін, темекі шекпейтін, болашағы зор қызметкер еді. Өз-өзіне қол жұмсаудың бір нұсқасы – отбасылық мәселе болуы мүмкін, дейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!