Жұма, 27 желтоқсан, 02:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әскерге шақыру науқаны жалғасуда

16.06.2022

1020 0

Облыста көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы жылдың көктемінде ҚР Қарулы күштері және басқа да әскери құралымдарға 700-ге жуық қызылордалық азамат әскери борышын өтеуге аттанады. Қазіргі уақытта ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 130-ға жуық, ҚР Қарулы күштері қатарына 300-ге жуық азамат жөнелтілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Алмат Жақыпов хабарлады.

-Сыр елінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру барысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Әскерге шақырушылар мен олардың заңды өкілдеріне заңдық талаптар мен міндеттемелер ұдайы түсіндіріліп, облыстық жиын пункті жанынан қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады. Облыс әкімдігінің қаулысы негізінде облыстық жиын пункті және темір жол станциясынан сарбаздарды шығарып салу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Сонымен қатар қала және аудандардарға медициналық комиссиялар толығымен тәжірбиелі мамандармен қамтамасыз етілген, – деді Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Алмат Жақыпов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: