Бұдан былай әскери қызмет өткерген азаматтар Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай-ақ, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады. Және олардың мамандық таңдауына шектеу қойылмайды. Бұл туралы жауапты сала мамандары айтты, – деп хабарлайды qazaqstan.tv. Әзір Білім және жоғары ғылым министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірге осы мәселе төңірегінде талдаулар жүргізіп жатыр.
Жастар әскери борышын өтеген соң, екі жылдың ішінде әңгімелесу нәтижелеріне қарай тегін оқуға мүмкіндік алады.Осылайша, грантқа түсіру жобасы жастарды Отан алдындағы міндетін өтеуге шабыттандыруға ықпал етпек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!