Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әскери-техникалық мектепте курсанттардың ант беру рәсімі өтті

22.09.2022

885 0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Қызылорда қаласындағы филиалының сарбаздары әскери ант берді.

Әскери-техникалық мектеп сарбаздары 40 күндей кәсіби даярлықтан өтті. Бұл биылғы жылы осы мектепті тәмамдап отырған түлектердің бесінші легі. Олар осы уақыт аралығында теориялық, тактикалық дайындықтарды меңгерумен қатар, «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында екі мәрте қарудан оқ атып үлгерді. Тактикалық дайындықтар мен қаруды қалай қолдану керектігін жете меңгерді. Сабақ барысында жауынгерлік атысқа дайындықтың ерекшеліктерін оқып, әскери-патриоттық тәрбие сағаттарына қатысты.

 – Жоспарлы сабақтардың бірінші аптасында курсанттар Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен әскери тәртіп туралы мәліметтер алса, оқудың келесі апталарында теориялық білімдерін іс жүзінде іске асырды. Мектепте қысқа мерзім ішінде қарудан оқ атудан басқа да әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік мол, – дейді мектеп директоры Рахметулла Мұхамбетов.

Әскери-техникалық мектептерге іріктеу жылына 7 рет өткізіледі. Қызылорда қаласындағы мектеп жылына шамамен 130-дан астам азаматты оқуға қабылдайды.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

лейтенант Мұхит Қонаров

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: