Сенбі, 21 желтоқсан, 19:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ағасы есірткі шекпе деп ақыл айтқан інісін өлтіріп тастаған

24.08.2023

753 0

Шымкентте інісін өлтірген күдікті қызметтік ит көмегімен дер кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өткен демалыс күндері Еңбекші аудандық полиция басқармасының «102» арнасына кісі өлімі туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан ер адамның денесін тапқан.

Тексеріс барысында жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде інісінің кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталған. Полиция департаментінің бас жедел уәкілі Арман Бейсенбаевтың нұсқауымен криминалдық полицияның жедел уәкілі Құттыбек Оңалбеков пен кинолог Мейіржан Қасымбеков қызметтік итті ертіп, үй маңында орналасқан теміржол жақты іздеуге шыққан. Полиция иті Грей бірден ізді анықтап, тәртіп сақшыларын киімін ауыстырып үлгерген күдіктіге апарған. Қызметкерлер ер адамды қамауға алды.

Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткі қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталғаны белгілі болған. Бүгінде бұл жайтқа қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: