Сенбі, 21 желтоқсан, 22:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Айыппұл төлеген жастар әскери борышын өтеуден босатыла ма?

22.10.2022

555 0

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Артықов әскерге шақыру пунктеріне уақытылы бармаған немесе әскери талаптарды бұзғаны үшін айыппұл арқалаған жастар әскерден босатыла ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат порталы.

Оның айтуынша, егер әскерге шақырылған азамат айыппұл төлеген болса немесе бұдан басқа да ҚР Қылмыстық Кодексінің талаптарына сай оларға шара қолданылған жағдайда, бұл оларды әскери қызметтен босатпайтынын айтады. 

“Керісінше олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Халық арасында «әскерге бармай, қашып жүр» деген сөз көп болғанымен, біз бұл мәселені дұрыс түсінуіміз керек. Қазір жастар әскер құрамында 1 жыл ғана қызмет атқарады. Сол уақытта әскери өнерді, білімді, ғылымды үйреніп, өз бойларына сіңіріп, шамалары келгенше қамтуы тиіс», – дейді Ғани Артықов. 

Оның айтуынша, жастардың көбі денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз болғандықтан әскерге бармайды. Сол себепті министрлік мұндай санатқа кіретін әскерге шақырылушыларды іздемейді. 

«Біз 17 жастан бастап оларды әскерге шақыру комиссиясынан өткізіп, денсаулық жағдайы қаншалықты екенін алдын ала анықтап қоямыз. Кейінгі әскерге шақырту кездерінде сол қаншалықты өзгерді, соны ғана тексеріп отырамыз. Сондықтан бізде «әскерге баратын жастардың саны жетпейді және олар жаппай қашып жүр екен» деген теріс ұғым туындамауы тиіс», –  деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

Бұған дейін қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Артықов әскерден жалтарған азаматтар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын. 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: