Жұма, 27 желтоқсан, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Айыпталушылар «Оператор РОП» ісіне қатысты Әлия Назарбаеваны сотқа шақыруды сұрады

07.04.2023

652 0

«Оператор РОП» компаниясындағы қаржы жымқыру ісіне байланысты сот отырысында айыпталушылардың бірі, компанияның экс-қаржы директоры Рүстем Темірбек Әлия Назарбаеваны сотқа шақыруды талап етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлия Назарбаева «Оператор РОП» компаниясының құрылтайшысы болған. Темірбековтің сөзінше, Назарбаеваның ақша алғанын дәлелдейтін құжаттар бар. 

Сот отырысында Рүстем Темірбек Әлия Назарбаеваның Recycling Company арқылы 5,8 миллиард теңге, өзге де компаниялар арқылы тағы 5 миллиард теңге алғанын мәлімдеді. 

«Егер тергеу Назарбаева Әлияның ақшаны бір қалтасынан екінші қалтасына салуын ұрлық деп есептесе, неге оны тым болмағанда куәгер ретінде тергемейді. Әрине, Елбасының қызын тергеуге шақыру Антикордың қолынан келмейді», – деді Темірбек. 

Сондай-ақ айыпталушылардың бірі украиналық Светлана Коротенконың адвокаты экс-президенттің кіші қызы құрылтайшы ретінде ақшаның жұмсалуына қатысты шешімдер қабылдағанын айтады. 

«Осы іс бойынша тыйым салынған зауыт Назарбаеваға тиесілі. Зауыт заңсыз ақшаға салынғандықтан, тәркіленуі ғажап емес. Ол іске мүлдем араласып жатқан жоқ. Дегенмен бұған дейін бірнеше рет Әлия Назарбаевадан жауап алуды талап еткенбіз», – дейді Коротенконың қорғаушысы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: