Бейсенбі, 09 мамыр, 04:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Алаяққа алданып қалмаңыз

30.08.2022

571 0

Қазіргі уақытта әлеуметтік желінің дәурені жүріп тұр. Осы арқылы арқылы жұмыс істеп, табыс тауып жатқандар бар. Дегенмен, әлеуметтік желіні өз пайдасына асыратын алаяқтар да көбейген. Қалалық полиция басқармасының криминалды полиция бастығы, майор Айдарбек Құрбановтың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта ең көп тіркеліп жатқан қылмыстар әлеуметтік желі арқылы орын алуда. Жыл басынан бері қалада алаяқтық бойынша 527 іс тіркелген.

Ал әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық бойынша

285 іс өндірістік қарауда.

– Атап айтқанда, ақшаны еселеп беру, азаматтардың деректерін пай­да­ланып онлайн несие алу, «Колеса», «Инстаграм», «ОЛХ» жар­нама па­рақша­ларындағы жалған ха­барлан­дыру арқылы сауда жасау болып отыр. Сондай-ақ «балаңызды полиция қызметкері ұстап тұр, оны шығарып алу үшін ақша аудару керек» деген қылмыстардың ізін суытпай ашу бағытында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде қалалық полиция басқармасымен осындай қылмыс жасаған 17 дерекке қатысы бар деген күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар жоғалған ұялы телефонда сақталған жеке деректерді пайдаланып жасалған фактілер де бар, – деді Айдарбек Иманбердіұлы.

Интернет арқылы көбейген алаяқ­тың құрығына түсіп қалмаған жөн. Олар кез келген адамды өз айласына түсіретін­дей әрекеттер жасайды. Сондықтан бөтен номерден байланысқан, әлеуметтік желі арқылы хабарласқан кісілерден сақ болған жөн. Мәселен, қазіргі уақытта «Ватсап» және «Инстаграм» желісі ар­қылы ақшаңызды 30, 50 процентке көбейтіп береміз деп жарнама жасайтындар көп. Ол үшін «алдын ала төлем салу керек» деп халықтан ақша жинап, жарна­ма берген парақшаларын жауап тастайды.  Сондай-ақ «шетел компаниялары ар­қылы 2% пайыздық үстемақымен несие алып беремін» деп жарнама жасап, оны алуға алғашқы төлем ретінде ақша аудартып алады. Бүгінгі таңда халықтың көбі қаражаттан қысылып жүргендіктен, осындай жайттарға сеніп алданып қалуы мүмкін. Сондықтан да сақтық шараларын қолданған жөн. Өзіңіз хабарыңыз болмаған жайттан қашық жүрген дұрыс. Себебі басқарма бастығы азаматтарды алдап, сендіру арқылы жасалған қылмыстар халық арасында белең алып жатқанын қадап айтты. Мұндай алаяқтықтың алдын-алу үшін басқарма тарапынан түрлі шара жасалуда. Мәселен, халықты құлақтандыру мақсатында «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілеріне күнара алаяқтың түрлеріне қатысты үздіксіз бейнероликтер мен жазбаша мақалалар жариялануда.

А.АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: