Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алаяқтық жасаған адвокат пен оның әйелі 7 жылға сотталды

21.07.2024

480 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Қызылорда облысында алаяқтық жасаған адвокат пен оның әйелі 7 жылға сотталды.

Қызылорда қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен айыпталған А. мен Г.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. адвокаттық қызмет көрсетіп жүріп, әйелі сотталушы Г.-нің танысы азаматша М.-ны қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген негізбен, оны алдап, сенімін теріс пайдаланып, оған қатысты тексеруді тоқтатып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастамау мәселесін Департаменттің лауазымды тұлғаларымен шешіп беремін деп, 8 000 000 теңге айтарлықтай мөлшерде пара беру керектігін айтып сендірген.

Алаяқтық пиғылдарынан бейхабар болған жәбірленуші М. олардың алдауына сеніп, тексеруді тоқтату үшін 8 000 000 теңге пара беруге келісімін беріп, 5 000 000 теңгені қолма-қол берген.

Осыдан кейін, сотталушылар А. мен Г. аталған 5000 000 теңгені алдап алғанымен қоймай, қылмыстық іс-әрекеттерін соңына дейін жеткізу мақсатында қалған 3000 000 теңге ақша қаражатын алу үшін қайта-қайта хабарласып Департаменттің лауазымды тұлғалары параның қалған бөлігін сұрап жатқандығын жалған айтып, қалған 3 000 000 теңгені қолма-қол алып, соңғыға қатысты тексеруді тоқтатылатынын айтып, алған ақша қаражаттарды Департаменттің лауазымды тұлғаларына бергендігін айтып сендірген.

Нәтижесінде жәбірленуші М.-ға 8 000 000 теңге ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алып, ірі мүліктік залал келтірген.

Басты сот талқылауында жәбірленуші М. өзіне келтірілген мүліктік шығын қайтарылғанын, сотталушыларға кешірім беретінін, талап арызынан бас тартуына байланысты қараусыз қалдыруды сұрайтынын, сотталушыларға жаза мәселесі жөнінде соттың құзырына қалдыратын айтып көрсеткен.

Сотталушылар ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігінің талабына сай онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, әрқайсысына түпкілікті мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленді.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: