Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алимент төлемеген жеті мыңға жуық адамға Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынды

23.06.2023

985 0

Әділет министрі Азамат Есқараев ОКҚ брифингінде елде алимент төлемейтіндердің саны артқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарызға байланысты жеті мыңға жуық адамға елден шығуға тыйым салынған.

«Алимент бойынша борышкерлермен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, жеті мыңға жуық адамға елден шығуға тыйым салынған. «Smart ukimet» қосымшасы арқылы біз туындаған мәселелерді шешеміз», – деп түсіндірді министр .

Егер алимент борышы 250 АЕК-ден (863 000 теңге) асса, мемлекет азаматты жүргізуші куәлігін пайдалану құқығынан, қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға және басқа да тыйымдар салуға құқылы.

Министрдің айтуынша, алимент төлемеу негізгі себептері – ресми жұмыс орны мен кірістің болмауы. Сонымен қатар олардың көбінде өндіріп алуға болатын мүлікжоқ. Бірақ материалдық жағдайы жақсы бола отырып, ақша төлеуденжалтарып, мүлкін жасыратындар да бар.

Айта кетейік, елімізде азаматтардың алименті 18 млрд теңгеге жуықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: