Алматы полициясы Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растап, түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының полиция департаменті Қ. есімді азаматтан Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен арыз түскенін растады.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!