Жұма, 29 қараша, 13:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Антына адал шенді ару

28.11.2024

43 0

Құқық қорғау органдарында ер азаматтармен иық тіресе қызмет атқарып жүрген нәзік жандылар бар. Қызметтің қиындығына қарамай, уақытпен санаспай антына адал, қызмет етіп жүрген нәзік жанды аруымыз әділет аға лейтенанты Бостанова Замира Жалғасқызы.

Ол бала күнінен әскери киім киюді армандаған. Қыз баласы үшін құқық қорғау саласы қиын болса да бала арманының орындалуына әкесі қолдау көрсеткен.Замира Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсіп, «Педагогика және психология» мамандығын алып шығады. Еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде кадр саясаты тобының инспекторы –психологы лауазымынан бастаған. Қазіргі уақытта осы мекеменің тәрбие және кадр жұмыстары жөніндегі аға инспектор лауазымында қызмет атқарады. Мінезі ашық –жарқын, үлкенмен де кішімен де тез тіл табыса алатын Замира жеке құрам қызметкерлерімен тікелей жұмыс жасайды. Олардың қызмет барысында өзінің қызметтік міндеттерін дұрыс атқаруы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен Әдеп нормаларының сақталуы бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қызметкерлер азаматтармен оның ішінде сотталған азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын болғандықтан, олардың сыртқы бейнесі, нысанды киім үлгісі, қимыл-әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей болуы керектігін де тексереді.

  • Жұмысқа қабылданған жас қызметкердің отбасылық жағдайына назар аударып, олардың отбасымен танысып, ана-анасына баласының ҚАЖ саласында сотталған азаматтармен тікелей жұмыс жасайтынын, әрбір ішкі істер органының қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін, қиын да қауырт қызметте әрқашанда отбасының қолдауы бірінші кезекте керек екендігін айтып түсіндіремін. Нысанды киім киген соң, ер адамға да әйел адамға да жүктелер жауапкершілік бірдей. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін құқық қорғау саласы қайсарлық пен табандылықты,төзімділікті, білімділікті талап ететін жауапты салада екендігі бәрімізге мәлім. Әр жұмыстың өз қиындығы болады. Өзімнің таңдаған қызметім болғандықтан, антыма адал, еліме қалтқысыз қызмет ету менің азаматтық парызым,- дейді әділет аға лейтенанты Замира Бостанова.
    Қызметіне адал, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын Замира Жалғасқызы ҚАЖ департаменті бастығы мен мекеме бастығының алғыс хаттымен марапатталған .

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: