Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Апелляция Арыстанбек Мұхамедиұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

14.09.2023

868 0

Арыстанбек Мұхамедиұлына тағайындалған сот үкімі өз күшінде қалды. Ұлттық музейдің бұрынғы директоры жазасын сот үкіміне сай өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы заңды күшіне енді. А. Мұхамедиұлының кінәсі толық дәлелденді, оны қорғаушылардың дәлелдері расталмады. Сотталушыны атауға негіз жоқ. Аталған іс бойынша аудиторлық зерттеу жүргізілді», – деді судья Мұрат Солтыбаев.

Оның айтуынша, А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А.Сәдуақасованың кінәсі толық дәлелденген.

«Сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымда келтірген дәлелдері сот барысында расталмады. Сот барлық дәлелдемелерге тиісті баға берді. Сотталғандарды ақтауға және істі қайта қарауға негіз жоқ», – дейді ол.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.

Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Айта кетсек, сот барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кінәсін мойындамады.

Биыл 20 маусымда сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, елорда соты оның сыбайластарына да үкім шығарды. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысының 3 сыбайласы да 7 жылға сотталды.

26 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы істі қайта қарау жөнінде апелляциялық шағым түсірді.

12 қыркүйек күні елорда соты Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысынан түскен апелляциялық шағымды қарауды бастады.

Бүгін таңертең өткен сотта А. Мұхамедиұлының адвокаты жазаны жеңілдетуді сұраған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: