Бейсенбі, 12 ақпан, 12:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Апостильинститутын сот ісін жүргізуде қолдану жөніндегі әдістемелік материал

12.02.2026

63 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Осы әдістемелік материалдың мақсаты – сот органдарының қызметінде шетел элементі бар істерді қарау барысында апостиль қойылған ресми құжаттарды қабылдау, тексеру және бағалау тәртібін түсіндіру, сондай-ақ сот тәжірибесінде жиі кездесетін мәселелер бойынша біркелкі тәсілді қалыптастыру.

Апостиль – Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын 1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес қолданылатын құжаттарды заңдастырудың жеңілдетілген нысаны болып табылады.

 Апостиль құжаттың мазмұнын растауға немесе оның құқықтық салдарын алдын ала айқындауға бағытталмайды. Осыған байланысты апостиль құжаттың шынайылығы мен дәлелдемелік күшін автоматты түрде мойындау ретінде қарастырылмауы тиіс.

Сот ісін жүргізуде апостиль қойылған құжаттарды қабылдау

Сот ісін жүргізуде апостиль қойылған құжаттар:

• азаматтық;

• әкімшілік;

• халықаралық элементі бар отбасылық және мұрагерлік істер бойынша дәлелдеме ретінде ұсынылуы мүмкін.

Апостиль қойылған құжаттарды бағалау ерекшеліктері

Апостиль қойылған құжат сот үшін ресми дәлелдеме болып табылады, алайда сот оны Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасына сәйкес ішкісенім қағидаты негізінде бағалайды.

                                        

С.Қыпшақбаева,  

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының   жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: