Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі департамент қызметкерлерімен кездесті

18.02.2021

1244 0

17.02.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде  «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиынды департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров ашып, жеке құраммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан шараларға тоқталып өтті.

Кездесу барысында Ж.Тұсмағамбетов мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді түсіндірді. Сонымен қоса тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Ол өз сөзінде «Пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға қатысты жауапкершілік күшейтілгенін де атады.

 «Сондықтан да мен әрбір мемлекеттік қызметкерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуға шақырамын», – деді жоба жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: