Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Араб ұлтының баласы қазақ жерінде әскери міндетін өтеп жүр

07.11.2024

555 0

Сурет:alash.kz

Алматыда туған араб баласы Өскемен қаласында Отан алдындағы әскери міндетін атқарып жүр. Бұл туралы Бұқара ақпарат құралының әлеуметтік желісінде хабарланды.

Абдалла Салих Сами әл-Том есімді ұлты араб жігіт Алматы қаласында дүние келіп, кейін оның отбасы Сауд Арабиясына көшіп кеткен. 2-сыныптан кейін Алматыға қайта оралған.

Қазір ол Өскемен қаласының шетіндегі Ахмер кентінде орналасқан 27943 әскери базасында борышын өтеп жүр. Қазақшаны жетік біледі, өйткені анасы қазақ қызы екен. Ал командирлерінің айтуынша, ол ротадағы ең үлгілі жауынгерлердің бірі.

“Сауд Арабиясында арабша, ағылшынша оқып, осында келген соң қайтадан бірінші сыныпқа барып, қазақша оқып, қазақ тілін меңгердім. Содан бері Қазақстанда тұрып келе жатырмыз, шетелде туысқандарымыз бар”, дейді Абдалла.

Сондай-ақ ол әскерге келгеніне келесі аптада 7 ай болатынын және Қазақстан әскерін басқаша елестеткенін айтып берді.

“Келесі аптада осында келгеніме 7 ай толады. Әу баста келгенде Ұлттық ұланға түсемін деп ойлағанмын. Шетелдің әскерімен салыстырғанда біздікі басқаша екен”, дейді араб жігіті.

Әңгіме барысында ол әскери өмір ұнап жатқанын және өзінің суретші екенін айтып, болашағын әскери өмірмен емес, шығармашылықпен байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар шығармашылық адамы қанша еркін жүргісі келсе де, тәртіпке бағынуы керектігін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: