Сенбі, 21 желтоқсан, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ардагерлер мен тәртіп сақшылары марапатталды

06.05.2021

996 0

Бүгін, 6 мамырда Қызылорда облысының Полиция департаментінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр – Ұлы Жеңіс» мерекесі қарсаңында салтанатты іс-шара өтті.  Аталмыш шара барысында  қажетті санитарлық талаптар сақталды.     

Ұйымдастырылған  шара барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың құттықтау хаты оқылды.

 «Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні  мен Ұлы Жеңіс Күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардақты ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсету өскелең ұрпаққа парыз. Қаншама жылдар өтсе де, соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлердің ерлігі ұмытылмайды.  

Батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеткен ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын!» деген тілегін білдірді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.

Жиын барысында Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі Іздібаев Арғынбай Аралбайұлы, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Қызылорда облысы ПД Жаңақорған ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Жолдасбаев Айбол Тасболатұлы, Анықтау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі анықтаушысы полиция майоры Ерназаров Әзілхан Жантурин марапатталды.   

Сонымен қатар, мерзімінен бұрын «майор» шенін  Криминалды полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Мұханов Ғани Сабитұлы алды.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлының бұйрығымен 10 қызметкер марапатталса, Департамент бастығының бұйрығымен 13 ардагер, сондай-ақ, өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көзге түскен 30-ға жуық қызметкері марапатталды.  Бұдан бөлек 30 қызметкердің мерзімінен бұрын тәртіптік жазалары алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: